RU

Қарағандылықтар жәрмеңкедегі өнімдерді қолжетімді бағаға ала алады

2019 жылдың 30 қараша күні Қарағандыда дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Қала тұрғындары жергілікті өндірушілердің өнімдерін нарықтық бағадан 20%-ға төмен бағамен сатып ала алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ауылшаруашылық жәрмеңкесі қарағандылықтарды шақырады
Фото: Pixabay.com: Facebook

Ет және сүт өнімдері, шұжық, май, жұмыртқа, бал, жарма, ұн және қант. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жерде сатып алушылар азық-түлік өнімдерінің кең ассортиментін таба алады. Сондай-ақ, қала тұрғындары ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің табиғи өнімдерін, соның ішінде көкөністер мен жемістерді сатып ала алады.

Ауылшаруашылық жәрмеңкелері қала тұрғындары, әсіресе аға буын өкілдері арасында сұранысқа ие және оның үлкен әлеуметтік маңызы бар. Қарағандылықтар үшін аталған жәрмеңкелерді ұйымдастыру қыркүйек айының басынан бері жиілей түсті.

Мұндай бастаманы тауар өндірушілердің өздері де құптайтыны белгілі. Себебі бұл өнімді сатудың жақсы мүмкіндігі. Сатып алушы тауарларды қолжетімді бағамен сатып алатынына қарамастан, өндіруші ештеңе жоғалтпайды, себебі делдалсыз тікелей өзара әрекет етеді.

Ауылшаруашылық жәрмеңкесі бірден екі жерде ашылады. Біріншісі «Сарыарқа» сауда үйінде өтеді. Бұл жерге қоғамдық көлікпен оңтүстік-шығыс, Строители даңғылы, 35/2 - 01, 19, 33, 41, 43, 45, 49, 53, 56, 70, 73 арқылы жетуге болады. Сондай-ақ, екіншісі «Буратино» базарының аумағы, Зелинский к-сі, 30/1 үйінің маңында өтпек. Ол жерге 27, 33, 45, 49, 145 қоғамдық көліктері жүреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1829430-karagandylyktar-zrmekedegi-nimderdi-kolzetimdi-bagaga-ala-alady.html