RU
Хабиб Нурмагомедов Алматыдағы турнирге келмекші

Хабиб Нурмагомедов Алматыдағы турнирге келмекші

Рассказать Вконтакте

Жеңіл салмақта UFC чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға келеді. Ол келесі айдың аяғында Алматыда өтетін GFC лигасы турнирінің құрметті қонағы болмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нурмагомедов іс-шараның алдында баспасөз мәслихатын өткізіп, қазақстандық журналистердің сұрақтарына жауап береді.

Gorilla Fighting Championship промоушені биылғы жылдың қорытынды турнирін 25 желтоқсан күні оңтүстік астанада өткізеді. Бұл туралы аталған лиганың Instagram парақшасында хабарланды.

Сонымен қатар, GFC лигасы баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған турнирде қазақстандық спортшы Қуат Хамитов жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы – тәжікстандық Нурулло Алиев. Бұл жекпе-жек негізі 12 желтоқсанда Краснодарда өтуі тиіс болған. Алайда, белгісіз себептермен Алматыдағы турнирге шегерілді.

Айта кетейік, бұған дейін Хабиб Нурмагамедовтың келесі қарсыласы мен жекпе-жек күні белгілі болғанын хабарлағанбыз.

Ресейлік спортшы америкалық Тони Фергюсонмен келісім шарт жасасқан. Айтулы жекпе-жек келесі жылдың 18 сәуірінде Бруклинде өтеді.

"Чемпион Тони Фергюсонмен жекпе-жек өткізу туралы келісім шартқа қол қойды. Бұл адамның өзін сабауды сұрап жүргеніне көп уақыт болды, енді 18 сәуірде соған мүмкіндік алады. "Қыран" Бруклинге тағы бір рет қонады. Бұл жанкүйерлер үшін", – деп жазды Нурмагамедовтың менеджері Али Абдельазиз өзінің Instagram парақшасында.
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel