RU
Өзбекстанда бір топ адам қызға тиіскен жігітті ұрып өлтірді

Өзбекстанда бір топ адам қызға тиіскен жігітті ұрып өлтірді

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның Самарқанд қаласында бір топ адам қызға тиіскен жігітті соққының астына алды. Ол алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды деп хабарлады KAZ.NUR.KZ Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасай отырып.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Жергілікті тергеу департаменті оқиғаның мән-жайын баяндап берді.

"20 қарашада түнгі 02:00-де ер адам өзінің танысымен бірге аялдамада тұрған. Ол жанындағы қызға сөзбен тиісе бастапты. Сол кезде жақын маңда өтіп бара жатқан екі ер адам қызды қорғаған", – делінген Өзбекстанның тергеу департаменті таратқан хабарламада.

Содан кейін қыз телефонмен қоңырау шалып, таныстарын көмекке шақырған. Оқиға орнына төрт жігіт пен екі қыз келген.

"Сағат 03:40 кезінде олар қызға тиіскен ер адамның біреуін соққыға жыққан. Кейін екінші жігітті де ұра бастаған. Оқиғаға қатысты үш адам ұсталды", – деп мәлімдеді ведомстводан.

Зардап шеккендердің бірінің бассүйегі қатты жарақаттанған. Ол емдеу мекемесінде көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Еске сала кетейік, Павлодарда мектеп оқушылары төбелесіп, бір жасөспірім пышақталды.

Павлодар облыстық полиция департаментінің басшысы мәлімдегендей, екі мектептің оқушылары жаға жыртысып қалған. Олардың біреуі төбелес кезінде пышақ шығарған. Нәтижесінде 2004 жылы туған жасөспірім облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel