RU
Аймағамбетов мұғалімдердің жалақысы қалай өсетінін айтты

Аймағамбетов мұғалімдердің жалақысы қалай өсетінін айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2020 жылы мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Министр бұл туралы парламент мәжілісінің жалпы отырысында "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын таныстыру барысында айтты.

"Мемлекет басшысының Тамыз конференциясында берген тапсырмасы аясына алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есеге артады. Бұл келесі жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға көбейеді деген сөз. Әрине, осы мәселе бойынша педагогтардың ішінде біраз үрей де бар.

"Жалақыны көтергенде базалық лауазымдық жалақыны алып, соны ғана көтере салады екен" деген сияқты ойлар айтылуда. Сондықтан бұл мәселе президенттің бізге берген тапсырмасының аясында жалпы мұғалімнің жалақысына қатысты болады деп айтқым келеді және қаңтар айынан бастап бұл жұмыс жүргізіледі", - деді Аймағамбетов.

Оның атап өтуінше, заң жобасында сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін педагогтерге 2 есе мөлшерде қосымша ақы төлеу көзделген.

Бұл норма еліміз бойынша 182 мың сынып жетекшісіне және дәптер тексергені үшін үстемеақы алатын 165 мың мұғалімге қатысты екендігі белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
5
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel