RU
"Қазақстан аруы" атанған бойжеткен АҚШ-тағы байқауда ел намысын қорғамақ

"Қазақстан аруы" атанған бойжеткен АҚШ-тағы байқауда ел намысын қорғамақ

Рассказать Вконтакте

Атыраулық 18 жастағы Альфия Ерсайын 8-желтоқсан күні АҚШ-та өтетін "Miss Universe" байқауына Қазақстан атынан қатысады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Осы жылдың желтоқсан айында АҚШ-тың Атланта қаласында "Miss Universe" ең ірі сұлулық байқауының финалы өтеді. Қазақстан намысын 18 жастағы Атырау қаласының тумасы, 2018 жылы "Қазақстан аруы" болған Альфия Ерсайын қорғамақ.

Альфия қатысушылардың дайындығы басталатындықтан АҚШ-қа ұшып кеткен. Бұл жылы жеңімпаз аруға арнайы дайындалған тәж берілмек. Сайысқа әлемнің 93 елінен ең сұлу бойжеткендер қатысады.

Альфия Ерсайын бір күн бұрын АҚШ-қа кеткені туралы Instagram парақшасында хабарлаған. Сондай-ақ ол отандастарынан қолдау сұраған.

"Біздің дайындыққа 12 күніміз болады... Үлкен жеңіспен ораламын деп үміттенемін! Әрине сіздердің қолдауларыңызбен", - деді Альфия.

Еске сала кетсек, 2018 жылғы "Атырау аруы" Альфия Ерсайын еліміздің ең басты сұлуы атанып, "Қазақстан аруы" титулын иеленген еді.

Ең сұлу бойжеткен атанған титул мен тәжге қоса 3 миллион теңге және "Әлем аруы" байқауына жолдама алған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel