RU
Теріс қылығы үшін жұмысынан босатылған экс-прокурор жаңа қызметке тағайындалды

Теріс қылығы үшін жұмысынан босатылған экс-прокурор жаңа қызметке тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының бұрынғы прокуроры Ғабит Миразов Бас прокуратурада басшылық қызметке тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ғабит Миразов. Фото: zakon

Ғабит Миразов. Фото: zakon

Ғабит Миразов енді Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің әскери басқармасы басшысы болып қызмет ететін болады.

Еске сала кетейік, Алматының бұрынғы прокуроры Ғабит Миразов түрмеде отырған ЭКСПО-2017 көрмесінің бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевпен байланыс орнатқаны үшін жұмыстан қуылған болатын.

Сол кезде мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы істер агенттігінің төраға орынбасары Олжас Бектенов мәлімдегендей, Алматы қаласының прокуроры Ғабит Миразов Бас прокуратураның шешімімен қызметінен босатылған.

"Ғабит Миразов лауазымды қызметі мен прокуратура органын пайдалана отырып, сотталған Ермегияевпен заңсыз байланыс орнатқан. Жазасын өтеп жатқан кездегі құқықбұзушылықтарын көре отырып, прокурорлық шара қолданбаған", – деген еді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, Ғабит Миразов Алматы прокуроры қызметіне 2017 жылы 17 ақпанда тағайындалған.

2018 жылдың 1 маусымында "Bank RBK" АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымына келгені белгілі болды. Осы жылдың 17 тамызында ол аталған қызметінен кеткен.

Сіздің реакцияңыз
8
3
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel