RU
Су жаңа бейнебаянын халыққа паш еткен "Кешьюдің" бұрынғы мүшесі сынға қалды

Су жаңа бейнебаянын халыққа паш еткен "Кешьюдің" бұрынғы мүшесі сынға қалды

Рассказать Вконтакте

"Кешью" тобының бұрынғы әншісі Назым Әбілдина құрамнан кетіп, жеке шығармашылықпен айналыса бастады. Бойжеткен тіпті жақында халыққа алғашқы бейнебаянында тарту еткен. Алайда туынды ән сүйер қауымның көңілінен шықпай қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Назым Әбілдина жаңа бейнебаянын қалың көрерменге ұсынды.

Дегенмен клип көпшіліктің көңілінен шықпаса керек. Себебі олардың бірі әннің сөзін сынға алса, енді бірі сылқымның биге икемі жоқ екенін жазған.

"Харизма, пластика жоқ", "Билей алмайды", "Биге икемі жоқ екен ғой", "Әннің музыкасы таныс, бір әннің ремейкі сияқты", "Музыкасы күшті, сөзінде мағына жоқ", "Арзан клип", "Ән онша емес. Әнді дұрыстаса болды", "Өлеңнің сөзінде мән жоқ", "Қазақстандық шоу-бизнестегі қыздардың бәрі неге бірдей? 100 жыл бұрынғы бейнебаян секілді түсіріпті", "Кешью қыздарының бәрі бір-біріне ұқсайтын секілді. Әндері, дауыстары, сырт келбеттері бір-бірінен айнымайды", - деп жазды олар.

Сонымен қатар, "Кешью" тобының бұрынғы мүшесін Жанар Дұғаловаға ұқсатқардар да табылды. Айтулаырнша, әнші әріптестері Дұғалова мен Жолдыбаеваға еліктеген көрінеді.

"Кәмшаттың жолын қуайын деген болар", "Жанар Дұғаловаға ұқсап тұр", "Жасырма, қашырма, жай ғана...Бәрі Дуғалова ұқсап айтатын болыпты өлеңді", - деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз
5
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel