Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әбден ысылған": Нұр-Сұлтан әкімі Ержан Максимді қабылдады (фото)

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов "Junior Eurovision-2019" байқауының екінші орын алған жас таланат Ержан Максимді қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Бұл туралы елорда басшысы өз Instagram парақшасында жазды.

"Гливицедегі (Польша) "Junior Eurovision - 2019" халықаралық ән байқауында тамаша өнер көрсеткен әнші Ержан Максим мен оның анасы Гүлмира ханымды құттықтадым.
Ержан алдағы жоспарларымен бөлісті. Жас та болса әртүрлі деңгейдегі байқауларға қатысып, әбден ысылған Ержан өнерпазымызға мол шығармашылық табыс, мықты денсаулық тілеймін!", - деді ол.

Қала әкімі жас өнерпазды мақтан тұтатынын айтты.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Польшада өткен халықаралық "Junior Eurovision-2019" ән байқауында Ержан Максим екінші орын алды.

Елге оралған соң қазақстандық орындаушы бірден БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, өз алған әсерімен бөлісті.

Жиынға Ержанның анасы Гүлмира Әлібек, "Хабар" телеарнасының директоры Динара Бисембина, сондай- ақ, "Алекс" ЖШС Бас директоры Арман Бакеев қатысты.

Жас талант беделді халықаралық байқауда екінші орын алғанына қуанышты екенін айтып, өзіне қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға алғысын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1829485-bden-ysylgan-nr-sltan-kimi-erzan-maksimdi-kabyldady-foto/

pixel