Выйти
RU

Тікелей эфирге шыққан журналистке "алып шошқа" тап берді (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Грекиялық ANT 1 телеарнасының эфирінде қызықты жағдай орын алды. Қайғылы жағдайды тікелей эфирде баяндамақ болған журналистке үлкен шошқа тап берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Life.ru-ға сілтеме жасап.

Лазос Мантикос есімді журналист ANT 1 телеарнасының тікелей эфиріне шығып, Грекида болған дауыл салдары туралы айтып бермек болған. Тілші стендап жазбақ болады.

Камера қосылған сәтте эфирге алып шошқа да кіріп кетеді. Ол журналисті қуып, оны тістемек те болады. Ашулы доңыз Мантикостан оңайшылықпен кете қоймайды.

"Йоргас, мені естіп тұрсың ба? Мен де мұнда мәселе болып тұр: Менің соңыма шошқа түсіп алды... Кешірім сұраймын, бір орында тұра алар емеспін... Мені тістеп жатыр", - дейді журналист.

Сюжеттің қайғылы жағдай туралы екеніне қарамастан, Мантикостың әріптестері күлкілерін тыя алмаған. Олар журналистке "жабысқақ" табынушымен тезірек мәселені шешіп, қайтадан жұмысқа оралуға кеңес берген.

Жалпы, тікелей эфир кезінде мұндай келеңсіз жағдайлар жиі кездеседі.. Осыдан-ақ, журналистер қауымының қызметінің қиындығын аңғаруға болады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тікелей эфирге шыққан журналистке "алып шошқа" тап берді (видео)
Mailfire view pixel