RU
Бас прокуратура Манзоров ісіне қатысты жемқорлыққа қарсы қызметтің шағымына пікір білдірді

Бас прокуратура Манзоров ісіне қатысты жемқорлыққа қарсы қызметтің шағымына пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты істі тоқтату туралы Бас прокуратураның шешіміне шағым түсіретіндерін айтқан еді. Бүгін бұған қатысты Бас прокурордың орынбасары Марат Ахаметжанов пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: bnews.kz

Бағдат Манзоров. Фото: bnews.kz

Журналистер елдің басты қадағалаушы органы өкілінен бұл іс екі мемлекеттік органның ортақ тұжырымға келе алмауының үлгісі емес пе деп сұраған.

"Ешқандай үлгі жоқ. Шағымдар - олардың заңға сәйкес құқықтары. Шешім қабылданып қойған", - деді Марат Ахметжанов.

Ол бұл жағдайда әрбір адамың шағым түсіруге құқығы бар екенін, бұл жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы екенін атап өтті. Сондай-ақ, оның сөзінше, қабылданған шешімді дәлелді себептер болған кезде ғана қарауға болады, бірақ қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша шешім бар.

Бұған дейін жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов ведомствоның шағымдарды жалғастыру үшін барлық дәлелдері бар екенін және Бас прокуратураның шешімімен келіспейтінін айтқан болатын.

Еске сала кетейік, осыған дейін желіде Алматы облысының әкімі Бағдат Манзоровтың қыркүйек айының соңында ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Кейіннен бұл мәліметті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

Бұдан кейін Манзоровтың аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктеліп, үй қамақта отырғаны белгілі болды.

28 қазанда Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Кейін Бағдат Манзоров өзінің үстінен қозғалған үш бірдей қылмыстық істің мән-жайымен бөлісіп, "тапсырыс" болғанын мәлімдеді.

Өз кезегінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Алик Шпекбаев аталған мәлімдемеге қатысты пікірін білдіріп, ешқандай "тапсырыс" болмағанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
6
0
4
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel