Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әскер Медиа-2019": Нұр-Сұлтанда әскери журналистика саласындағы жүлде табыс етілмек

Опубликовано:

Қазақстан Қорғаныс министрлігі биылғы жылы Қарулы Күштердің тыныс-тіршілігін жариялауда үздік болған отандық және шетелдік журналистер мен блогерлердің есімдерін атайды.

Нұр Сұлтан қаласында «Әскер Медиа-2019» әскери журналистика саласындағы жүлдесі табыс етіледі
Сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі: Facebook

Әскери журналистика саласындағы дәстүрлі «Әскер Медиа-2019» сыйлығы ертең 29 қарашада өтеді. 12 конкурстық номинацияда үздіктер анықталады. Атап айтқанда, теледидар, радио, баспа және интернет БАҚ – тарда, сонымен қатар республикалық және аймақтық деңгейлерде, шетелдік БАҚ-тардағы үздік материалдар, әскери тақырыпты баяндайтын үздік блогер, сондай-ақ фотожұмыстар мен арнайы жоба.

Әскери журналистика саласындағы «Әскер Медиа» жүлдесі – бұл әскери тақырыпты жариялауда өз үлестерін қосып жүрген журналистер мен блогерлерді қолдау үшін Қазақстан Қорғаныс министрлігі құрған бірегей алаң.

Оны құрудағы басты идея – бұл қорғаныс ведомствосымен белсенді және тиімді өзара іс-қимыл жасайтын бұқаралық ақпарат құралдарының шеңберін кеңейту, Қазақстандағы әскери журналистиканы дамыту, журналистер мен блогерлерді, сондай-ақ осы саладағы шығармашылық жұмыстарды көтермелеу, телевизиялық, баспа және интернет БАҚ-пен бірлескен медиа-жобаларды іске асыру, еліміздің Қарулы Күштеріне қоғамның назарын аудару.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1829521-sker-media-2019-nr-sltanda-skeri-zurnalistika-salasyndagy-zlde-tabys-etilmek/

pixel