Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Диетолог құрманың ағзаға қандай зиян келтіретінін айтып берді

Опубликовано:

Дәрігер-диетолог Елена Соломатина құрма жеудің асқазанға тигізетін пайдасы мен зияны туралы айтты. Сондай-ақ, маман бұл жеміс-жидекті кімге мүлде тұтынуға болмайтынын түсіндіріп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Риа Новости-ге сілтеме жасап.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: Instagram

Елена Соломатинаның сөзінше, құрмада көптеген микро және макроэлементтер бар.

Магний қан тамырларын босаңсытады, калий организмнен артық сұйықтықты кетіреді және қысымды төмендетеді.

Одан бөлек бұл жеміс-жидек артық холестеринді жинайтын йод пен пектиндерге бай.

Алайда, құрма пайдалы қасиеттеріне қарамастан, қызғылт пигментті бета-каротинге байланысты оны шамадан тыс тұтыну терінінің түсі өзгерген уақытта "каротин сарғаюының" дамуына қауіп төндіреді.

Сондай-ақ, маман құрманың құрамында нәрестенің ас қорытуын бәсеңдетін элементтер болғандықтан, аталған жеміс-жидекті үш жасқа толмаған балаға беруге болмайтынын ескертті.

Елена Соломатина құрма қант мөлшері көп жоғары калориялы жеміс екенін еске салуды ұмытпады.

Еске сала кетсек, осыған дейін дәрігерлер мандариннің зияндылығы туралы айтқан еді.

Олар аталған жемісті мөлшерінен артық пайдаланған жағдайда азғадағы аллергиялық реакциялардың дамитынын жеткізді.

Сондай-ақ, мандаринді көп қолдану асқазан-ішек жолдарының созылмалы ауруларының өршуіне әкелуі мүмкін екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1829525-dietolog-krmany-agzaga-kandaj-zian-keltiretinin-ajtyp-berdi/

pixel