RU
Әйгілі Месси кезекті рекордын орнатты

Әйгілі Месси кезекті рекордын орнатты

Рассказать Вконтакте

Аргентина құрамасы мен "Барселона" клубының капитаны әрі шабуылшысы Лионель Месси Чемпиондар лигасының тарихындағы кезекті рекордты жаңартты. Футболшы топтық кезеңнің бесінші турында дортмундық "Борусия" қақпасына гол соқты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru-ға сілтеме жасап.

Бұл гол Месси үшін кезекті рекорд болып тіркелді.

Футболшы кәрі құрлықтың клубтар арасындағы турнирінде 34-ші командағы гол соқты.

Осыған дейін бұл рекорд атақты Криштиану Роналду мен Рауль Гонсалеске тиесілі болды.

Қос шабуылшы Чемпиондар лигасының тарихында 33 клубқа гол соққан.

Айта кетейік, осыған дейін Месси 15 жыл бойы Чемпиондар лигасында гол соққан алғашқы футболшы атанған еді.

Топтық кезеңнің үшінші турында "Славия" клубы өз алаңында "Барселонаны" қабылдады.

Ойынның үшінші минутында Лионель Месси есепті ашып, командасын алға шығарды.

Аргентиналық футболшының бұл голы Чемпиондар лигасының кезекті рекордын жаңартты.

Месси Чемпиондар лигасындағы алғашқы добын 2005/06 жылғы маусымда соққан.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel