RU
Түркістан облысында мас күйінде 5 жасар қызды зорламақ болған ер адам сотталды

Түркістан облысында мас күйінде 5 жасар қызды зорламақ болған ер адам сотталды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында ер адам бес жасар баланы зорламақ болды. Оның арам пиғылына шу көтерген жергілікті тұрғын кедергі жасаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Оқиға жыл басында аудандағы елді-мекендердің бірінде болған. Іс материалдарына сәйкес, ауыл ішінде мас күйде серуендеген 1969 жылғы ер адам аулалардың бірінен 5 жасар баланы көреді.

Қақпаның ашық тұрғанын, жақын маңда үлкендердің жоқтығын білген ол кішкентай қызды алдап, күшпен ауладан шығарған. Баланы жақын жердегі сарайға апарған.

Мұны осы көшеде тұратын, үлкен жастағы көрші әйел байқап қалады. Ол ер адам мен баланың артынан барған. Сарайға кірген ол ер адамның шешінгенін, балаға зорлық көрсетуге дайын тұрғанын көреді.

Әйел адам айқайға салып, ер адамға белсенді түрде қарсылық танытқан. Ол баланы зорлықшының қолынан тартып алған. Артынша оның дауысынан көршілері де жүгіріп келеді. Күдіктіні ұстап, полицияға тапсырған.

Сот кезінде куәгерлердің берген куәлігі мен басқа да іс материалдарымен оның кінәсі толық дәлелденген. Сотталушының өзі мас болғандықтан ештеңе есімде жоқ деп ақталған.

Түркістанның қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты оны Қылмыстық кодекстің 120 бабы, 4 тармағы және 24 бабы бойынша кінәлі деп танып, қауіпсіздігі жоғары колонияда 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын белгілеген.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel