Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бізге бес жыл": Төреғали Төреәлі шаңырақ көтерген күнін атап өтуде (фото)

Опубликовано:

Төреғали Төреәлінің шаңырақ көтергеніне бүгін 5 жыл. Бұл туралы әншінің өзі Instagram парақшасында хабарлады. Өнер иесінің тыңдармандары әнші мен оның жұбайына жылы лебіздерін жарыса жазуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әнші жарымен бірге түскен махаббатқа толы суреттерін Instagram парақшасына жариялап, бес жыл бірге екенін жазды.

Ұлы дала баласын құттықтап, жылы лебіздерін жеткізіп жатқан адамдардың легі толастар емес.

Өнер иесінің оқырмандары қос ғашыққа шын жүректен бақыт тіледі. Сондай-ақ, жанкүйерлері жұлдыздың бес жылда төрт баланың әкесі болып отырғанын атап өтті.

"Бақытты болыңыздар, келіншегіңіз сондай сұлу", "Құттықтаймын, бақыттарыңыз баянды болсын", "Құтты болсын! Бақытта ғұмыр кешіңіздер", "5 жылда төрт бала, неткен керемет", "Махаббаттарың мәңгі болсын", "Ұзағынан болсын", "Махаббаттарыңыз мәңгілік болсын, шын жүректен құттықтаймыз", "Ата-аналарыңыз аман болсын", "
Алла ұзағынан сүйіндірсін, әйеліңіз өте салиқалы, иман жүзді екен", "Сіз керемет жансыз, құттықтаймыз", "50 жылдық алтын тойға жетіңіздер", "5 жылда төрт баланы дүниеге әкелген әйеліңіз мықты екен, бағалаңыз", "Жұптарыңыз жазылмасын", - деп пікір жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1829541-bizge-bes-zyl-tregali-treli-sayrak-ktergen-knin-tojlauda-foto/

pixel