RU
Оралдағы кепілге алу оқиғасы: Полиция кеңсеге шампан мен кәмпиттер алып келген

Оралдағы кепілге алу оқиғасы: Полиция кеңсеге шампан мен кәмпиттер алып келген

Рассказать Вконтакте

Оралда нотариуста әйел адамды кепілге алған белгісіз адаммен келіссөздер жалғасуда. Алдын ала ақпарат бойынша, ер азамат пен әйел ерлі-зайыптылар, алайда қазір олардың арасында қазір ажырасу процессі жүріп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/policebqo

Фото: instagram.com/policebqo

Осыған дейін белгісіз ер азаматтың әйел адамды кепілге алып, онымен бірге ғимарат ішінде отырғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Кейінірек ер адам мен жәбірленушінің бір-біріне жақын екендігі айтылды.

Алдын-ала мәлімет бойынша, олар ерлі-зайыптылар. Алайда қазіргі уақытта ер азамат пен әйел ажырасуда.

Ер адаммен келіссөз жұмыстары жалғасуда. "Уральская неделя" басылымы жариялаған соңғы мәліметтерге сәйкес, тәртіп сақшылары әйел адам кепілге алынған кеңсеге шампан мен кәмпиттер алып келген.

"Мой город" порталы оқиғаның мән-жайымен бөлісті. Куәгерлердің айтуынша, ер адам алдымен әйелді көшеге сүйреп апарып, "жақындамаңдар, жарамын" деп қорқытқан. Сол уақытта күдіктінің қолында не болғанын куәгер анықтап көре алмаған.

Айта кетейік, қазір оқиға орнында тек патрульдік полиция ғана емес, атты взвод қызметкерлері, сондай-ақ, БҚО Төтенше жағдайлар департаменті мен медицина қызметкерлері, өңірдегі полиция департаментінің басшысы Серік Сүйінбаев та бар.

Сіздің реакцияңыз
0
3
1
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel