RU
Министрлер мен әкімдер кімдердің жемқорлық қылмысы үшін отставкаға кетеді

Министрлер мен әкімдер кімдердің жемқорлық қылмысы үшін отставкаға кетеді

Рассказать Вконтакте

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзінің қарамағындағы адамдар сыбайлас-жемқорлық жасаса, шенеуніктердің жауапты болатыны туралы заңға қол қойғаны белгілі болды. Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы агенттік жаңа нормаларға қатысты түсінік берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Олжас Бектеновтың ойынша, бұл заң қабылданғаннан кейін Қазақстанда жемқорлықпен күрестің жаңа кезеңі басталмақ.

Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілді.

Енді саяси мемқызметкерлер (министрлер мен олардың орынбасарлары, әкімдер мен олардың орынбасарлары) олардың тікелей бағынышты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаса міндетті түрде отставкаға кетуі керек.

Олжас Бектенов берген ақпаратқа сәйкес, бірінші басшы оның тікелей бағынышты тұлғасына қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуге міндетті.

Сондай-ақ, ол кімнің кімге тікелей бағынышты ретінде қарастырылатынын түсіндірді:

  • орталық мемлекеттік органның басшысы (министр) үшін – бұл оның орынбасарлары, жауапты хатшы немесе аппарат басшысы, аймақтық бөлімшелердің басшылары;
  • облыс, республикалық маңызы бар қалалар, елорда әкімі үшін – оның орынбасарлары, аппарат басшысы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі;
  • орталық мемлекеттік орган басшысының орынбасары (вице-министр) оның қарамағындағы бөлімше немесе тәуелсіз құрылымдық бөлімше басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде қызметінен кетеді;
  • облыс әкімінің орынбасары жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына жауап береді;
  • аудан әкімі өзінің орынбасарларына, аппарат басшысына, жетекшілік ететін аудандық атқарушы органдардың басшыларына, ауыл, кент, ауылдық округтердің әкімдеріне жауап береді.

Бектенов отставка туралы тиісті өтініш мемқызметкерді кім тағайындаса соған жіберілуі керек екенін атап өтті. Осы орайда соңғы шешімді аталған өтінішті қарастырушы қабылдайды.

Содай-ақ, жоғарыда аталған тізімге кірмеген басқа да басшыларды тәртіптік жауапкершілікке тарту көзделген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel