Выйти
RU

Қаңқасы ғана қалған төбет екі жылда адам танымастай өзгеріп кетті (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шотландияда қаңғып жүретін Луи есімді ит екі жыл ішінде адам танымастай өзгеріп, жұртты таңғалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Life.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: Метро

Фото: Метро

Үнемі ел-жұрттан таяқ жейтін Луи көпшілікке "жүні жоқ құбыжық" атымен танылған.

Алайда күтпеген жерден оның құтқарушылар табылған.

Фото: Метро

Фото: Метро

Македониялық еріктілер Луиді алғаш кезіктіргенде, оның өмір сүретініне сенімді болмаған. Алайда үй жануары аяғына тұрып, оның қалпына келуі керемет өткен.

Адамдарға қажет болмай қалған ит, аяқ астынан үй қорғаушысына айналып шыға келген.

Луиді жақсы көретін отбасы да табылған.

Фото: Метро

Фото: Метро

Оған Ұлыбританияның солтүстігіндегі иттерге арналған хоспис жетекшісі Элизабет Белл көмектесті.

Әйел адам төбет үшін арнайы Македонияға келген.

"Иттің жағдайы тәуір бола бастағанда, ол үйін тапқысы келеді деп ойладым. Сондықтан оған кез келген жағдайда көмектесуге тырыстым", - дейді Элизабет.

Ел-жұрттың қатыгездігіне қарамастан, төбеттің адамдарға кек сақтамауы, оларды жақсы көруі Элизабетті қуанышқа бөлеген.

Луиді жаңа отбасысы Бен деп атайды. Төбет қазіргі уақытта Шотландияда өмір сүріп жатыр. Бүгінде оның жағдайы өте жақсы. Түсіп қалған жүндері қалпына келіп, салмағы 50 келі болған.

Фото: Метро

Фото: Метро

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қаңқасы ғана қалған төбет екі жылда адам танымастай өзгеріп кетті (фото)