Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталған Сыроежкиннің үкімі өзгертілді

Опубликовано:

Константин Сыроежкин ісіне қатысты шығарылған үкім қайта өзгерді. Бұл шешімді Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Константин Сыроежкин. Фото : kisi.kz
Константин Сыроежкин. Фото : kisi.kz: Facebook

Сот алқасының Константин Сыроежкин орындауы керек қосымша жазаларды алып тастау туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.

Бұрын шығарылған үкімге сәйкес, оны азаматтығынан айырып, Қазақстан сыртына мәжбүрлі түрде шығару керек болған. Саясаткердің елге оралуына тыйым салынған болатын. Сот алқасы аталған пунктерді алып тастаған.

Үкімнің басқа бөлігі өзгеріссіз қалған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Константин Сыроежкиннің мемлекетке опасыздық жасады деп күдіктелгені хабарланған.

Саясаттанушының үстінен қылмыстық іс 15-қаңтарда қозғалған болатын. ҰҚК таратқан мәліметке сай, күдікті 19-ақпанда ұсталған.

Айта кетейік, бұған дейін саясаткер мемлекетке опасыздық жасады деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Сондай-ақ, кінәсі дәлелденген Константин Сыроежкинді Алматы қалалық соты Қазақстан азаматтығынан айырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829562-memleketke-opasyzdyk-zasady-dep-ajyptalgan-syroezkinni-kimi-zgertildi/

pixel