RU
Алматы метросында оқиға: Пойыз жақындаған сәтте ер адам рельске құлап кеткен (видео)

Алматы метросында оқиға: Пойыз жақындаған сәтте ер адам рельске құлап кеткен (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматы метроларының бірінде жас жігіт рельске құлап кетті. Оқыс жайт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Жазба Instagram желісіндегі kris_p_brothers_official парақшасында жарияланған. Кадрларға қарап перронда тұрған адамдарды көруге болады. Түсініксіз жағдайда артқа қадам басқан ер адам рельстің үстіне құлайды.

Осы сәтте куәгерлердің бірі машинистке қол бұлғап, пойыз тоқтайды. Жолаушы жолға секіріп түсіп, құлаған ер адамды көтеруге тырысады. Тағы бірнеше адам көмек көрсету үшін төменге түскен.

Видеоның астындағы жазбада рельсте 1000 В кернеу болатыны айтылған. Десек те, абырой болғанда ешкім қатты зардап шекпеген.

Оқиғаға қатысты Алматы метрополитені пікір білдірген деп жазады Zakon.kz. Хабарламада оқыс оқиғаның 27-қараша күні, "Байқоңыр" бекетінде болғаны айтылған.

Белгілі болғандай, жігіт өзін жайсыз сезініп, есінен тана бастаған кезде жолға құлаған. Болған оқиғаны көрген диспетчер бірден түйіспелі рельстен кернеуді алып тастаған.

Ал тұрғынға алғашқы көмек көрсетіліп, артынша ауруханаға жеткізілген. Ер адам қатты зардап шекпеген, өміріне ешқандай қауіп жоқ. Ол болған жағдайға метрополитенді жазғырмайды.

Баспасөз қызметі құрамның түйіспелі рельс арқылы қозғалатанын ондағы кернеу 825 В екенін атап өтті.

Сондай-ақ жолаушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтап, рұқсат етілмеген сызықтан өтпеулерін сұрады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
5
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel