RU
Мұғалім орны үшін 100 мың: Түркістан облысында мектеп директоры жемқорлық бойынша күдіктелуде

Мұғалім орны үшін 100 мың: Түркістан облысында мектеп директоры жемқорлық бойынша күдіктелуде

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында жергілікті жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Жетісай ауданындағы орта мектеп директорына қатысты тергеу жұмыстарын бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 нөміріне белгілі бір мектептің директорына қатысты хабарлама түсті. Аталмыш ақпарат тексеріоген соң, білім ордасының басшысына қатысты тергеу жұмыстары басталды.

Мектеп директоры бір азаматты мұғалім қызметіне 100 мың теңгеге орналастырғаны үшін күдіктеліп жатыр.

Анықталғандай, білім ордасының басшысын тұтқындау әрекеті іске асырылған жоқ. Күдікті әйел өз кінәлін толықтай мойындап, қорғаушысы екеуі аталмыш істің сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының тез арада аяқталуын мәлімдеді.

Аталмыш іске қатысты нақты шешім алдағы уақытта сот органдарында шығарылатын болады.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы мәслихатының депутатын қазақстандық елордада тұтқындаған болатын. Шененунік уақытша тергеу изоляторына тоғытылды. Ол ақша жымқыруға қатысты деген күдікке ілінді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel