RU
Шымкентте әкімдік бөлімдерінің басшыларын алаяқтық үшін соттады

Шымкентте әкімдік бөлімдерінің басшыларын алаяқтық үшін соттады

Рассказать Вконтакте

Шымкентте әкімдіктегі екі бөлім басшысын алаяқтық ісі бойынша сотталды: шенеуніктерге айыппұл тағылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ведомствоның хабарлауынша, Шымкенттегі екі ауданның кәсіпкерлікті қолдау бөлімдерінің басшыларына қатысты қылмыстыұ іс аяқталып, сотқа өтті.

Тергеу жұмыстарының мәлімтеніше, екі шенеунік келісіп әрекет еткен. Олар қала көшелерінде сусын сатуға рұқсат ететін құжаттарды алғысы келген кәсіпкерді алдап кеткне.

Жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, шенеуніктер кәсіпкерді алдап 150 мың теңге иеленген.

Бұрыңғы басшылардың соты 25 қараша күні болған. Олардың екеуі де алаяқтық іс бойынша кінәлі болып танылды.

Сот шенеуніктерді 1,8 млн теңге көлеміндегі айыппұл төлеуге міндеттеп, оларды мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырды.

Ведомствоның хабарлауынша, пара алғаны үшін Шымкенттің басқа ауданының кәсіпкерлік блімінің басшысы да күдіктеліп жатқанын хабарлады.

Оның кінәлі екені немес кінәсіз екенін сот шешпек.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel