RU
"Астана" "Манчестер Юнайтедті" 2:1 есебімен жеңіп кетті

"Астана" "Манчестер Юнайтедті" 2:1 есебімен жеңіп кетті

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда "Астана" мен "Манчестер Юнайтед арасындағы матч аяқталды. Елордалық клуб өз алаңында қарсыласын жеңіп кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: sports.kz

Фото: sports.kz

Есепті ойынның оныншы минутында "Манчестер Юнайтед" ашты. Одан кейін, "Астана" ойыншысы есепті теңістіріп, голын Роналдудың стилінде тойлады.

Матчтің үшінші голын "Манчестер Юнайтед" соқты. Англиялық клуб өз қақпасына автогол салды. Ойынның соңғы минуттарында қазақстандық командаға гол салына жаздады. Алайда, "Астана" қорғаушысы оны өз алаңынан алып шықты.

Айта кетейік, матча "Астана Аренада" өтті.

Англиялық команданың сапында мансабын енді ғана бастаған тек қана жас ойыншылар болды. Одан бөлек матчке қатерлі ісікпен күрескен Макс Тейлор есімді футболшы қатысты.

Команда бапкері жас ойыншыларға Еуропа Лигасында өзін көрсетуге мүмкіндік бергенін айтты.

Елорда халқы "Астана" команасына барынша қолдау көрсетіп, стадионды лық толтырды. Қазақстандық команда жеңісіне қарамастан плей-офф кезеңіне өткен жоқ.

Айта кетерлігі, елоралық клуб өз алаңында көп жеңілмейтін командалардың бірі болып табылады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel