RU
Дәурен Абаев: Ержан Максимді қолдауда бізге бірлік жетпей қалды

Дәурен Абаев: Ержан Максимді қолдауда бізге бірлік жетпей қалды

Рассказать Вконтакте

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жас әнші Ержан Максимнің "Junior Eurovision-2019" жеңісі жайлы ойымен бөлісіп, оны нағыз жеңімпаз санайтынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Ашық диалог" бағдарламасында сұхбат берген министр Польшад өткен беделді байқауда кәсіби әділ қазыларрдың өзі бірауыздан жеңісті Ержанға бергенін атап өтті.

"Ол өзін көпшілік арасында ұстай біледі. Кәсіби әрі құзіретті халықаралық төрешілер бірауыздан жеңісті Ержанға берді. Байқаудың қалған қатысушыларынан Ержанның биік тұрғаны – ешқандай күмән туғызбайды. Сол себепті, ол мен үшін жеңімпаз", - дейді Дәурен Абаев.

Министр Ержанның жеңісін – "Хабар" агенттігінің бүкіл командасының жеңісі деп бағалады.

Сонымен қатар ол Ержанға дауыс берген азаматтардың барлығына алғыс білдіріп, дегенмен жас дарынды қолдауда бірлік жетпей қалғанын айтты.

"Әлбетте, әрбір мемлекет өз ұланына дауыс береді. Дауыс беруде шынайылық туралы сөз қозғамай-ақ қоюға болады. Оны жақсы түсінеміз. Осы сәтті пайдалана отырып, Ержанға дауыс берген азаматтардың барлығына алғысымды айтқым келеді. Өкінішке қарай, біздің азаматтардың дауыс берудегі белсенділігі басқа елдерге қарағанда бәсеңдеу болды. Сайып келгенде, Ержан емес – жеңілген біздің көрермен. Жас дарынды қолдауда бізге бірлік жетпей қалды. Ахмет Байтұрсынұлы "Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан шығады" деген. Сөзді осымен аяқтауға болады", - деді ол.

Еске сала кетейік, Ержан Максим Польшада өткен Junior Eurovision байқауында екінші орын иеленген болатын.

Жас өнерпазды бұл жетістігімен алғашқылардың бірі болып мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Отандасымызды қазақстандық жұлдыздар да жаппай құттықтаған еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel