RU

Өзбекстанға жұмыс сапарымен барған Түркіменстан президенті академик атанды

Telegram logo VKontakte logo

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Өзбекстан ғылымдар академиясының құрметті академигі атағын алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілетеме жасап.

Фото: Sputnik / Рамиль Ситдиков

Фото: Sputnik / Рамиль Ситдиков: Depositphotos

Түркіменстан мемлекеттік басылымдарының жазуынша, түркімен президентін марапаттау рәсімі 28 қарашада Ташкенттегі Kuksaroý резиденциясында болған.

"Мен мұны Түркіменстанға көрсетілген құрмет ретінде, біздің елдің ғылым және білім саласында жеткен жетістігін мойындау мен екі елдің терең достығының куәсі ретінде қабылдаймын", - деді президент Бердімұхамедов.

Түркіменстан президенті Өзбекстан астанасына екі күндік жұмыс сапарымен барған. Онда екі ел басшысының жеке кездесуі өткен.

Кездесу барысында саяси, экономикалық мәселелер көтеріліп, Орталық Азиядағы тұрақтылықты сақтау үшін терроризммен бірлесіп күресудің маңызды екені атап өтілген.

Еске сала кетейік, түркімен астанасының құрылыс жұмыстарымен танысқан ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов алабай тұқымдас итке тағы бір ескерткіш қоюды тапсырған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Өзбекстанға жұмыс сапарымен барған Түркіменстан президенті академик атанды