RU
Оралда кепілге алынған нотариус әйел босатылды

Оралда кепілге алынған нотариус әйел босатылды

Рассказать Вконтакте

Оралда кепілге алынған нотариуста жұмыс істейтін әйел адам босатылды. Оны босату операциясы алты сағатқа созылған. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті өткізген брифингте белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Уральская неделя

Фото: Уральская неделя

Ведомство басшысы Серік Сүйінбаев оқиғаның қалай болғанын бастан-аяқ баяндады.

Айтуынша, бейсенбі 28-қараша күні сағат 13:10-да кезекші бөлімге қала тұрғыны хабарласқан. Полицейлер "Жазира" автобус аялдамасында қолына пышақ пен болжам бойынша граната ұстап белгісіз ер адамның қорқытып жатқанын білген.

Спикердің берген ақпарынша, оқиға орнына полиция жасағы жіберілген. Құқық қорғаушылар шақырылған жерге жеткен кезде, ер адам нотариусқа кіріп, ішінен жауып алған.

"Ол есікті жиһазбен және сондай тұрған сейфпен бөгеп тастаған. Дабыл бойынша полиция бөлімшелері шақырылған", - деді Серік Сүйінбаев.

Одан бөлек, болған жағдай туралы Ішкі істер министрлігіне де дереу хабар берілген.

Сағат 13:25-те полицейлер Жәңгір хан, 13 көшесіндегі үйдің тұрғындарын эвакуациялауды бастаған. Адамдарды №20 жалпы орта мектепке орналастырған. Оқиға орнына тұрғындар мен жеке құрамды жылумен қамтамассыз ету үшін ТЖД-нің арнайы құрамы келген.

Фото: Уральская неделя

Фото: Уральская неделя

Көпқабатты үй газ бен судан ажыратылған. Осы жерде жедел штаб құрылған.

"Біз күдікті ер адамның туыстарына хабар бердік. Оның ағасы, артынша әпкесі келді", - деді Сүйінбаев.

Ал кепілге алушы азаматпен бірнеше сағат бойы келіссөздер жүргізілген. Ақыр соңында ер адам келіншекті жіберіп, оны арнайы жасақ сарбаздары ұстаған.

"Пышақ жән граната пішінді зат алынды. Граната пішінді заттың аңшылық дүкендерінің бірінен сатып алынғандығы анықталды", - деп түсіндірді департамент.

ПД басшысы сондай-ақ, зардап шегушінің қатты шошып қалғанын айта кетті. Оның аяғы жараланған.

"Ол ауруханаға жеткізілді", - деді Сүйінбаев.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 261 бабымен (Адамды кепілге алу) қылмыстық іс қозғалған.

Ұсталған азамат 41 жастағы ер адам. Ол нотариус әйелдің күйеуі болып шықты. Белгілі болғандай, олар бастарынан ауыр ажырасу процесін өткізіп жүрген.

Еске сала кетсек, белгісіз ер азаматтың әйел адамды кепілге алып, онымен бірге ғимарат ішінде отырғаны туралы ақпарат тараған болатын. Полиция онымен келіссөздер жүргізген.

Кейінірек, тәртіп сақшылары әйел адам кепілге алынған кеңсеге шампан мен кәмпиттер алып келгені хабарланды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel