Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте оқушы мектепке тапаншамен келген

Опубликовано:

Шымкентте өткен рейдтік іс-шара барысында мектеп оқушысының сөмкесінен травматикалық тапанша табылды. Алайда жасөспірім қарудың өзіне емес, сыныптасына тиесілі екенін айтып, ақталуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Elitar.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкентте мектеп оқушысы мектепке тапаншамен келді
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

25-30 қараша аралығында қалада "Жасөспірім" рейдтік іс-шара өткізілген. Іс-шараның басты мақсаты - кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу болып табылады.

"25 қарашада рейдік іс-шара кезінде мектеп аумағын тексеру барысында 9 сынып оқушысының сөмкесінен травматикалық қару табылды. Бүгінгі таңда тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Әл-Фараби ПБ ювеналды полиция бастығының міндетін атқарушы Батырхан Әлиев.

Мектеп оқушысы әл-Фараби ПБ-сына жеткізілді. Ол жерге баланың ата-анасы да шақырылды.

Ал жеткіншек қаруды шын мәнінде сыныптасынан алғанын және оны мектепке қайтару үшін алып келгенін алға тартты.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте осған ұқсас жағдай орын алған еді. 15 жастағы 9 сынып оқушысы тапаншаны қоқыс жәшігінен тауып алып, оны полицейлерге өз еркімен табыстаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829631-symkentte-mektep-okusysy-mektepke-tapansamen-kelgen/

pixel