RU
Иесінің қазасына көндіге алмаған төбет оның қабірін қазбақшы болды

Иесінің қазасына көндіге алмаған төбет оның қабірін қазбақшы болды

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Фупин қаласында ит қайтыс болған иесінің қабірін қазбақшы болды. Үй жануарының бұл әрекеті бейнеленген видео Pear сайтында пайда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ Известия басылымына сілтеме жасап.

Төбет марқұм иесінің қабірін қазбақшы болды

Көрнекі фото: pixabay.com

Марқұмның қызының айтуынша, оның әкесі өзі тұрып келген Фупин қаласының Шэньси провинциясында ауырып көз жұмған екен. Ал Хуцзы есімді 12 жастағы төбет иесінің жоқтығына көндіге алмапты.

Осылайша, отбасы итпен бірге зиратқа барған кезде Хуцзы ұзақ уақыт бойы тапжылмай қабірдің үстінде жатқан.

Ал содан кейін марқұмның денесі көмілген жерді қазбақшы болған. Оны тоқтатқан отбасы мүшелері үйге қайтпақ болғанда төбет олардың артынан ермей, сол жерде қалғысы келген екен деп жазады РИА Новости.

Туысқандардың сөзінше, Хуцзы иесі қайтыс болғаннан кейін үш күн су мен тамақ ішпей қойған.

"Төбет қабірді айналшықтап жүрді. Оны қаза бастады. Тіпті, оның жанына жатып, тапжылмай тұрды", - деп атап өтті марқұмның қызы.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда 48 сағат бойы зиратта жатқан нәресте ғажайыптың күшімен аман қалғаны туралы хабарлаған едік.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel