RU
2020 жылдан бастап мемлекеттік жәрдемақыны 340 мыңнан астам көпбалалы отбасылар алады

2020 жылдан бастап мемлекеттік жәрдемақыны 340 мыңнан астам көпбалалы отбасылар алады

Рассказать Вконтакте

4 және одан да көп баласы бар 346 мың қазақстандық отбасылар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалаға жаңа мемлекеттік жәрдемақы алуға үміткер болады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамандарының болжамдарын Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында түсіндірді.

2020 жылдан бастап мемлекеттік жәрдемақыны 340 мыңнан астам көпбалалы отбасылар алады

Фото: Pixabay.com

Жаңа мемлекеттік жәрдемақыны енгізу Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағытының бірі болып табылады.

"Жоғарыда аталған мемлекеттік жәрдемақыны 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу нысанындағы студенттері бар көп балалы отбасыларға олардың табысына қарамастан төлеу жоспарланып отыр. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері балалардың санына байланысты сараланған болады. 4 баласы бар отбасылар 42 496 теңге, 5 баласымен 53 127 теңге, 6 баласымен 63 757 теңге, 7 баласымен 74 388 теңге алатын болады",-деп түсіндірді Алматы қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің басшысы Альбина Иманалиева.

Жәрдемақының орташа мөлшері әр балаға 10-11 мың теңгені құрайтын болады, бұл 2018 жылдан бастап тағайындауы тоқтатылған бұрынғы жәрдемақыдан 4-7 есе көп. Осы жылдың 7 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу жоспарланып отырған атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерімен таныстырды.

"Негізгі қағидат – мемлекет көмекке мұқтаж адамдарға, бірінші кезекте балалар мен көп балалы отбасыларға көмек көрсетеді! Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуге тиіс, мемлекет жұмысқа орналасуға немесе шағын бизнеспен айналысуға көмектеседі. Мемлекеттік көмек: көп балалы отбасыларды қолдау, аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек, аз қамтылған отбасылардағы балаларға арналған кепілді әлеуметтік пакет", – деді Біржан Нұрымбетов.
"Атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасыларға, соның ішінде көп балалы отбасыларға төленеді. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-н тағайындау үшін бастапқы өлшемдері қалады. Егер отбасының еңбекке жарамды мүшелері ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлеу тек оған ғана емес, бүкіл отбасына да тоқтатылады ", - деп толықтырды Альбина Иманалиева.

Ол сондай-ақ, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға кепілді әлеуметтік пакетті енгізу ұсынылғанын атап өтті. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды азық – түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киімімен қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларға мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтелетін болады.

Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel