RU
"Астана" футбол клубы "қызыл сойқандарды" жеңген соң қанша табысқа кенелді

"Астана" футбол клубы "қызыл сойқандарды" жеңген соң қанша табысқа кенелді

Рассказать Вконтакте

Еуропа Лигасының топтық кезеңінде "Астана" командасы сенсация жасап ағылшындық "Манчестер Юнайтедті" жеңді. Ойынның есебі 2:1 болған. Осының арқасында елордалық клубтың бюджетіне біраз қаржы түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: fcastana.kz

Фото: fcastana.kz

"Астананың" бірінші топтық кезеңдегі жеңісі командаға 570 мың еуро табыс әкелген.

Бұған дейін қазақстандық клуб Чемпиондар Лигасында, Еуропа Лигасында үлкен пайдаға кенелген.

  • Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін елордалық клуб 280 мың еуро.
  • Еуропа Лигасының екінші кезеңіне қатысқаны үшін 260 мың теңге алған.
  • Еуропа Лигасының үшінші кезеңіне қатысқаны үшін - 280 мың еуро қаражат тапқан.
  • Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шыққан "Астана" клубы бюджетін тағы 2,92 миллион еуроға ұлғайтқан.

Осылайша, "Астана" командасының еуромаусымда тапқан табысы 4,31 миллион еуроны құрап отыр.

Мұның бәрінен бөлек, елордалық клубқа маркетингтік және телеқұқықтық саудадан да төлемдер алады. Оның қанша сома екені маусым соңында жарияланатын болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel