RU
Түркістан облысында бүтін бір ауылды басқарып отырған 28 жастағы әкім жайлы не білеміз

Түркістан облысында бүтін бір ауылды басқарып отырған 28 жастағы әкім жайлы не білеміз

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы, Төле би ауданындағы "Қоғалы" ауылдық округін 28 жастағы әкім Қайрат Қыпшақов басқарады. Оның бұл қызметке тағайындалғанына бірнеше ай ғана болған. Қыпшақов өзін әкім емес, менеджер деп есептейді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Отырарға сілтеме жасап.

Қайрат Қыпшақов. Фото: otyrar.kz

Қайрат Қыпшақов. Фото: otyrar.kz

Қайрат Қыпшақовтың айтуынша, ол бұған дейін Төле би аудандық әкімдігінде әртүрлі қызметте болған. Осындай үлкен дайындықтан өткен соң ғана ол ауыл округіне әкім болып келген.

Жас шенеуніктің кабинеті шағын, ешқандай қымбат кресло, теледидар, демалыс бөлмесі, тіпті хатшы деген атымен жоқ. Қыпшақовтың сөзінше, көбінесе ауыл ішінде болатындықтан, оған мұндай жайлылықтың қажеті жоқ.

Сондай-ақ, жас әкім үйінде мемлекеттік қызметте істейтін жалғыз жан екенін, ешқандай "аға-көкесі" жоқ екенін атап өтті.

"...Менің бай әкем жоқ, менің қызығушылығымды қолпаштайтын тіреуішім де жоқ. Оның кімге керегі бар. Мен бәріне өзім қол жеткіздім, әкім креслосы - арманымның шегі емес. Мектептен соң бірден ЖОО-ға түстім, одан кейін жастар саясатынан өттім, сол кезде осы бағытта өсемін деп шештім", - деді Қайрат Қыпшақов.
Қайрат Қыпшақов. Фото: otyrar.kz

Қайрат Қыпшақов. Фото: otyrar.kz

Сонымен бірге ол, халықтың сеніміне ие болу үшін барынша жұмыс істейтінін, халық пен мемлекет арасындағы байланысты жақсартуға тырысатынын айтты.

"Мен өзімді жоғары категориялы шенеунік деп есептемеймін, мен халық пен мемлекет арасындағы байланысты жақсартуы тиіс қарапайым менеджермін. Мен қолайлы жағдай жасауым керек. Әзірге осыған тырысып жатырмын", - деді әкім.

Айта кетсек, Қайрат Қыпшақов отбасылы, екі қызы бар.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
3
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel