RU
"Қатты қорқып қалған": Аружан Саин Ирактан оралған балалар жайлы айтты

"Қатты қорқып қалған": Аружан Саин Ирактан оралған балалар жайлы айтты

Рассказать Вконтакте

Балалар омбудсмены Аружан Саин Ирактан қазақстандық балалардың оралуына қатысты пікір білдірді. Ол ауыр жұмысқа атсалысқан барша жандарға алғысын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Саин Ирактан оралған балалар жайлы Instagram парақшасында жазған.

"Ирактан 14 бала әкелдік. Бұл өте ауыр... Сөзбен жеткізу мүмкін емес. Балаларға соғыста орын жоқ, жалпы соғысқа біздің әлемде орын жоқ. Бұл ауыр жұмысты атқарған СІМ-ге, біздің дипломаттарға, бей-жай қарамаған жандарға, нағыз кәсіби мамандарға, ҰҚК қызметкерлеріне, үкіметке, БҒМ, Unisef командасына, Денсаулық сақтау министрлігіне алғысым шексіз", - деп жазды ол.

Сондай-ақ, балалар омбудсмені дәрігерлер мен экипаж мүшелеріне риза екенін жеткізді. Оның айтуынша, бүлдіршіндерге анасынан ажырау қиынға соққан.

"Соған қарамастан, үлкендері өздерін сабырлы ұстады. Себебі, олар бұрын бейбіт әлемді көрген, туыстары күтіп отырғанын біледі. Балалар ол өмірден қатты шаршаған. Оларға соғыста да, түрмеде де орын жоқ. Ал кішкентайынан анасымен бірге түрмеде болған балалар қатты қорқып қалған. Олар қабырғаның сыртында не бар екенін бейхабар еді...
Бүлдіршіндер азғантай уақыт ойынға, ойыншықтара алданғанай болды. Тек апа-аталары мен аға-әпкелері әуежайдан күтіп алғанда ғана жеңілдеп қалдық. Олар балаларды құшақтап, сүйіп жатты. Осы уақытқа дейін жақындарының оралуын күткен олар өз көздеріне өздері сенбегендей күй кешті. Артынша балаларды орталыққа апардық. Оларды дәрігерлер, психологтар күтіп отырды, барлық қызметтер іске қосылды", - деді ол.

Аружан Саин келіссөздер Ирактың Сот органдарымен, үкіметімен және құқық қорғау органдарымен жүргізілгендіктен, бұл іс дипломатияның жоғары деңгейін көрсеткенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel