RU
Банкке жүгінбей, үйде отырып қалай депозит ашуға болатынын білесіз бе

Банкке жүгінбей, үйде отырып қалай депозит ашуға болатынын білесіз бе

Рассказать Вконтакте

Банктік қызмет көрсетулер қарқынды түрде ғаламторға ауысып жатыр. Бұл бірінші кезекте тұтынушыға қолайлы болып табылады. Үйден шықпай-ақ банк картрасына тапсырыс беріп, тіпті, несие рәсімдецге болады. Нұрфин жобасының редакциясы бүгін депозитті қалай онлайн ашуға болатынын айтып береді.

Банкке жүгінбей, үйде отырып қалай депозит ашуға болатынын білесіз бе

Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандық 18 банктен депозиттің ең ыңғайлы - мерзімсіз түрін ашуға болады. Бұл салым қаржыны алып, салу бойынша шексіз операциялардың жүруін көздейді. Бұл банктердің он төртінде ең үлкен пайыздық мөлшерлемемен, бірақ қатаң сақтау шарттарымен салымдарды рәсімдеу мүмкіндігі бар.

Осы депозиттердің кез келгенін үйден шықпай ашуға болады. Мұндай қызметті қазақстандық 15 банк ұсынады.

Депозитті онлайн ашу үшін банктің ресми сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада тіркеуден өту қажет. Кейбір банктер салымды тек мобильді қосымша арқылы рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, депозитті осы банктің тұрақты клиенті болсаңыз ғана банк бөлімшесіне жүгінбей-ақ аша алуыңыз мүмкін. Себебі жаңа салымшыға банктік қызмет көрсету туралы келісімге қол қою керек.

Осы тақырып бойынша жұмыс істеу барысында мәселеден шығу жолы табылды: журналистердің бірі жеке тәртіпте дебеттік картаға онлайн тапсырыс беріп, курьер әкелген құжаттарға қол қойды, жаңа картаның нөмірі бойынша мобильдік қосымшада тіркелді, оған басқа банктің шотынан ақша аударып,өзі ұнатқан депозит түрін қосымшадан ашты. Айта кетерлігі, ол ешқашан осы банк бөлімшесінде болған емес.

Жеке кабинетте депозитті қалай ашуға боалтынын мысал бойынша көрейік:

  • Мәзірден "Банктік өнімдер" қосымша бетін табамыз;
  • "Депозиты" бөліміне кіреміз;
  • Банктік салымдардың талаптарымен танысамыз;

*кейбір банктер онлайн ашылған салымдар үшін жоғары сыйақы мөлшерлеме белгілейді. Бұл мөлшерлемелер депозиттің барлық мерзімінде өзгеріссіз қалады

Банкке жүгінбей, үйде отырып қалай депозит ашуға болатынын білесіз бе

Депозитті таңдау

  • Ұнатқан депозиттің түрін таңдаймыз;
  • "Онлайн ашу" батырмасын басамыз;
  • Сауалнаманы толтырамыз
  • Бастапқы жарнаны аудару үшін шотты таңдаймыз;
  • "Әрі қарай" немесе "ресімдеу" батырмасын басамыз.

Салымды рәсімдеу кезінде "Қызткер көрсету бөлімшесін таңдау" пункті пайда болады. Бұл жерде тұратын мекенжай мен осы қаладағы кез келген бөлімшені таңдау қажет. Негізінде бұл жай ғана рәсімділік.

Банкке жүгінбей, үйде отырып қалай депозит ашуға болатынын білесіз бе

Депозитті онлайн ашуға арналған сауалнама

Рәсімдеуді аяқтағаннан кейін депозит сіздің шоттарыңыздың тізімінен шығады.

2019 жылғы қарашадағы жағдай бойынша ақшаны алып, шектеусіз толықтыруға болатын мерзімді емес депозиттер үшін қандай пайыздық ставкалар қолданылатынын көрейік.

Банкке жүгінбей, үйде отырып қалай депозит ашуға болатынын білесіз бе

Онлайн ашуға болатын мерзімді депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel