Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басынан тепкен": Қос келіншек Нұр-Сұлтан тұрғынын аяусыз сабап кетті

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан тұрғыны екі келіншектің өз анасын аяусыз соққыға жыққанын айтты. Оқиға жолдағы көлік қозғалысы кезінде болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: oxu.az
Көрнекі фото: oxu.az: Twitter

Аталған оқиғаға қатысты хабарлама Instagram желісіндегі astana_sergek парақшасында пайда болған. Қыздың айтуынша, оның анасы 27 қараша күні "Жағалау" ТК бағытынан келе жатқан.

Қабанбай батыр даңғылына дейін келіншектің соңынан басқа автобикеш ерген екен. Ол белгісіз себептермен, тіпті, мұзға қарамай, қозғалыс бөлігінде апаттық жағдай жасаған.

Елордалық арудың сөзінше, анасы басқа жолаққа кетіп бара жатқанда артындағы келіншек әдейі алдын кескен.

Қабанбай батыр мен Сығанақ қиылысында қос көлік те бағдаршамға тоқтаған. Осы сәтті пайдаланған қыздың анасы ол әрекетке не себеп болғанын анықтау мақсатында өз көлігінен шығып, екінші көлікке бағыт алған.

Осы кезде рөлде отырған келіншек есікті ашып, қыздың анасын теуіп жіберген екен. Ал соққыға шыдамаған әйел жерге құлап түсіпті.

"Келіншек анамның шашынан ұстап ұра бастаған, басынан тепкен", - дейді елордалық ару.

Бойжеткеннің сөзінше, осы сәтте оның анасын тағы бір белгісіз келіншек ұра бастаған. Жерде жатқан жәбірленуші ешқандай қарсылық таныта алмапты. Ол тек басын қолымен жауып үлгерген екен.

Ашулы әйелдерді зардап шегушіден куәгерлер ажыратып алған. Оқиға орнына медицина қызметкерлері шақыртылған.

Tengrinews.kz порталының мәліметінше, елордалық полиция аталған оқиғаға қатысты барлық мән-жайды тексеруде.

Процессуалды шешім сарапшылар қорытынды бергеннен кейін қабылданады. Артынша іс сотқа жолданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829678-basynan-tepken-kos-kelinsek-nr-sltan-trgynyn-aausyz-sabap-ketti/

pixel