Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық танымал актер "Ұлттық Ұлан қызметінің үздігі" атағына ие болды

Опубликовано:

Отандық кино саласында аса танымал актер Дәурен Серғазинге бірден екі мәртебелі марапат табысталды. Өнер иесі "Ұлттық Ұлан үздігі" атанып, "Қазақстан Республикасының патриоты" медалімен марапатталды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/daurensergazin. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/daurensergazin. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бұл қуанышты жаңалығымен Дәурен Серғазиннің өзі Instagram парақшасында бөлісті. Актерге аталмыш марапаттарды генерал-майор Мұхамедқали Сатов табыстаған.

Айта кетерлігі, киножұлдыз "Ұлттық Ұлан үздігі" мен "Қазақстан Республикасының патриоты" мәртебесіне "Казбат" фильмінің түсірілімінен кейін ие болған. Аталмыш кино соғыс кезіндегі сарбаздардың өмірі мен қиын кезін баяндайды.

"Генерал-майор Сатов Мухамедқали ағамыздың қолынан "Ұлттық Ұлан қызметінің үздігі" және "Қазақстан Республикасының патриоты" медалімен марапатталдық. Қазақстан Республикасының халқына қызмет етемін" , - деп жазған ол.

Желідегілер бірден еңбегі еленген актерді құттықтап, ақ тілегін білдірген.

Еске сала кетейік, бұған дейін отандық әзілкеш Мадияр Серікбаевтың "Мәдениет саласының үздігі" атанғанын хабарлаған болатынбыз. Аталмыш марапатқа Роза Әлқожа да ие болған.

Оған қотса, күні кеше Маржан Арапбаеваның құрметті профессор атанғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1829684-otandyk-tanymal-akter-lttyk-lan-kyzmetini-zdigi-atagyna-ie-boldy/

pixel