RU

Сағынтаев Нұрсұлтан Күдебаевтың қазасына қатысты іске пікір білдірді

Telegram logo VKontakte logo

Оңтүстік астана әкімі Бақытжан Сағынтаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы полиция департаменті басшысының ұлы Нұрсұлтан Күдебаевтың қайтыс болуына қатысты іске пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ: Original

Баспасөз отырыс кезінде журналистер Нұрсұлтан Күдебаевтың қайтыс болуына байланысты қозғалған атышулы іске қатысты мегаполис әкімінің пікірін сұрады.

"Мұндай жағдайға, мұндай қайғылы оқиғаға тап болудан Құдай сақтасын. Қайғылы жағдай онсызда орын алды. Отбасы ұлынан, күйеуінен, әкесінен айырылды. Менің қазір қандай да бір баға бергенім орынсыз", - деп атап өтті әкім.

Оның сөзінше, ақ халаттылар мен полиция қызметкерлерінің әрекеттері жан-жақты бағалануы керек, ал сараптама бағасын шығару үшін барлық қажетті мамандарды тарту қажет.

Ол сондай-ақ, сот өз шешімін шығармайынша, бұл процесске баға бере алмайтынын атап өтті.

Естеріңізге салсақ, №4 клиникалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев пен анестезиологы Асқар Тұңғышбаев Алматы полиция департаменті басшысының ұлы қайтыс болған соң тұтқындалған еді.

Бұл туралы Тезекбаевтың әйелі президентке ашық хат жазғаннан кейін белгілі болды. Артынша Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаны заң аясында тексеру туралы тапсырма берді.

Осыдан кейін бас дәрігер мен сол аурухананың анестезиологы ешқайда шықпау туралы қолхатпен үйіне жіберілді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Сағынтаев Нұрсұлтан Күдебаевтың қазасына қатысты іске пікір білдірді