RU
"Құдай сақтасын": Сағынтаев қызметкерлерінің бірі жемқорлық жасаса, отставкаға кете ме

"Құдай сақтасын": Сағынтаев қызметкерлерінің бірі жемқорлық жасаса, отставкаға кете ме

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астананың әкімі Бақытжан Сағынтеав орталық коммуникациялар қызметінде журналистермен кездесіп, қол астындағылардың бірінің жемқорлық әрекеті әшкере болса отставкаға кете ме деген сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Әкімнің баспасөз қызметі

Фото: Әкімнің баспасөз қызметі

Мегаполис басшысы қойылған сұраққа жауап бере отырып, сақталуы міндетті заң бар екенін атап өтті.

"Құдай сақтасын, егер менің қарамағымдағылардың бірі сотқа тартылып, үкім шығарылса, заңға сәйкес, отставкаға кетуім керек болады", - деді Алматы әкімі.

Оның сөзінше, соңғы шешімді, отставканы қабылдау не қабылдамауды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шешеді.

Мегаполис басшысы Бақытжан Сағынтаев қандай жағдай болмасын заңға сәйкес әрекет ететінін атап өтті.

Еске сала кетсек, күні кеше ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарамағындағы қызметкерлер жемқорлық жасаса, басшылары жауапкершілікке тартылатын заңға қойды.

Сондай-ақ, Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Олжас Бектенов басшылардың кімдердің жемқорлық қылмысы үшін отставкаға кетеді түсіндіріп берді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel