RU
Көпбалалы аналарға 2 пайыздық несие қашан беріледі

Көпбалалы аналарға 2 пайыздық несие қашан беріледі

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жыл соңына дейін көпбалалы аналарға 2 пайызбен несие берілетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы қаласының әкімі жалпы шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау көлемін келер жылы 30 миллиард теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отырғанын жеткізді. Биыл бұл көрсеткіш 4,5 миллиард теңге шамасында.

Осы орайда, ол ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ тұрмысы төмен санаттағы азаматтар үшін әртүрлі форматтағы оқу курстары өткізілгенін атап өтті. Ол ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ тұрмысы төмен санаттағы азаматтар үшін әртүрлі форматтағы оқу курстары өткізілгенін атап өтті.

"Қыркүйек айынан бастап мотивациялық курстарды ұйымдастырдық. Жыл соңына дейін 75 мың, ал 2020 жылы – 200 мың адам қамтылады. "Бастау Бизнес", "Жас Кәсіпкер", "Isker Ana" қалалық оқу бағдарламалары белсенді іске асырылуда. Қазірдің өзінде 2000-нан астам көп балалы аналар оқу курсынан өтті. Өз ісін ашу үшін 155 адамға грант, 77 адамға құрал-жабдық берілді", - деді әкім.

Нәтижесінде 230-дан астам көпбалалы ана өз ісін бастаған.

"Жылдың соңына дейін көпбалалы аналарға 1000-нан астам грант және 150-ге жуық шағын несиені жылына 2% жеңілдікпен беруді жоспарлап отырмыз. 

Бұл жұмыс алғашқы нәтижелерін де бере бастады. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10 айда 8,9%-ке өсіп, 190 мыңнан асты", - деп түйіндеді сөзін ол.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel