RU
Конор Макгрегор жаңа келісім-шартқа қол қойды

Конор Макгрегор жаңа келісім-шартқа қол қойды

Рассказать Вконтакте

Екі салмақ санатындағы бұрынғы UFC чемпионы Конор Макгрегор промоушенмен жаңа келісім-шартқа қол қойды. Соған сәйкес, ирландиялық спортшы бірнеше жекпе-жек өткізуі тиіс деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vesti.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: mmaboxing.ru

Фото: mmaboxing.ru

Allboxing.ru сайтының ақпары бойынша, UFC президенті Дана Уайт Конор Макгрегордың Дональд Сарронемен жекпе-жек өткізуге келісім жасасқанын мәлім етті. Турнир 18 қаңтарда Лас-Вегаста өтеді.

"Конормен келісім-шарт жасалып қойған, "Ковбой" (Серроненің лақап аты) да қол қоюға дайын", – деді Дана Уайт. Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтеді.

Дереккөздің мәліметінше, журналист Ариэль Хельвани Сарроненің өкілімен хабарласып, аталған жекпе-жек жөнінде сұраған. Ол болса, Дональдтің "ақыры, оған қолым жетті" деuен мәлімдемесін жеткізіпті.

Кейбір деректерге қарағанда, бұл кездесу негізі жазда өтуі тиіс еді, бірақ оған ирландиялық спортшының қолын жарақаттап алуы кедергі болған көрінеді.

Конор Макгрегор мен Дональд Сарроненің жекпе-жек өткізетінін бұған дейін ирландиялық жұлдыздың менеджері Адди Аттар мәлімдеген болатын.

Еске сала кетейік, Макгрегор аралас жекпе-жекке қайта оралатынын Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында жария етті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel