RU
"Ақ ботам, ал енді қош, аман": Ерке Есмахан отау құрған Тәуекелге бақыт тіледі

"Ақ ботам, ал енді қош": Ерке Есмахан отау құрған Тәуекелге бақыт тіледі

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан жақында ғана некесін қидыртып, ақ құсын қондырған Тәуекел Мүсілімді желіде ерекше құттықтады. Әнші өнердегі сері досына отбасылық өмірде бақыт тілеп, онымен қоштасты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/mussilim/erke_esmahan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/mussilim/erke_esmahan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Әзіл десе жанын салатын Ерке Есмахан бұл жолы да қалжыңдау шеберлігін паш етті. Әнші өткен демалыста желіде шу тудырып, келін түсіргенін жария салған Тәуекел Мүсілімді де өзгелерден ерекше құттықтауды жөн көрген.

Өнер иесі Instagram парақшасында бойдақтар қатарынан шығып қалған актерді отбасылы болуымен құттықтап, өз ақ тілегін жаудырған.

"Ақ ботам, ал енді қош, аман! Бойдақтар да азайып бара жатыр! Қазақ еліне +1 отбасы! Досым, бақыт тілеймін! Шаңырағың бүлдіршінге толсын! Өзіммен түскен фотоны салып қойғаным қалай" , - деп жазды Ерке.

Есмаханның бұл жазбасының астына бірінші болып жұлдызды күйеужігіттің өзі пікір білдірген. Тәуекел Ерке Есмаханға танытқан жылы лебізі мен білдірген тілегі үшін алғысын жеткізіп, алдағы уақытта оған да көп жүріп қалмай тұрмысқа шығуға кеңес берген.

"Рахмет Ерке. Көп жүрмей өмірлік жарыңмен қосылып, бақытты бол" , - деп жазды Тәуекел.

Айта кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілімнің шаңырақ көтергенін хабарлаған болатынбыз. Ол өмірлік жары туралы тың мәліметпен бөлісті.

Сіздің реакцияңыз
10
4
1
0
1
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel