Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балаларының жанынан елесті көрген келіншек желідегілердің ішек-сілесін қатырды (фото)

Опубликовано:

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатынан шыққан Лейла Ливингстон бейнебақылау камералары арқылы балаларының жанында отырған қара шашты әйелдің елесін көрген. Үрейі ұшқан келіншек желіде оқиғаның мән-жайын баяндап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Балаларының жанынан елесті көрген келіншек желідегілердің ішек-сілесін қатырды
Фото: KAZ.NUR.KZ.: UGC

Төрт баланың анасы "Facebook"-тегі парашасында басынан өткен қызықты жағдайды әңгімеледі.

Келіншектің сөзінше, ол күйеуімен бірге романтикалық кеш ұйымдастырмақ болған. Сол үшін балаларға мультфильм қосып беріп, өзі басқа бөлмеде оянып, киініп жатыпты.

Келіншек балаларыдың не істеп отырғанын камерадан бақылап тұрған. Асығыс кездесуге жиналып жатқан әйел адам кенеттен айпад құрылғысының экранынан жантүршігерлік көріністі байқап қалыпты.

Қонақ бөлмесіндегі диванда қара шашты әйел оның балаларына қарап отырды. Лейланың жүрегі жарылардай болды. Себебі үйде одан басқа ересек адам болмаған еді.

Ол бөлмеге жүгіріп барғанымен бөтен ешкімді таба алмады. Балалар жайбарақат теледидар көріп отырды.

"Мен ересек адамның менің диванымның үстінде отырғанын көрдім. Ал балалар түк болмағандай мультфильм көріп жатты. Тіпті, ештеңе байқаған да жоқ. Жүрегім тоқтап қала жаздады. Қонақ бөлмесіне жүгіріп бардым, бірақ диванда ешкім болмады", - дейді келіншек.

Түсініксіз жағдайға тап болған ана елес көрдім деген тұжырымға келді. Ол жоғарыға көтеріліп, айпадтағы жазбаны қайта көріп шықты.

Анықталғандай, келіншек көрген қара шашты әйел оның өзі болып шығыпты. Айпадта ақаулар орын алып, ол онлайн-трансляцияның орнына алдында жазылып алынған кадрды көрсетіпті.

Сары шашты Лейла видеодан өзін танымай қалыпты. Себебі камерадағы түс түзетудің арқасында сары шаш қара түсті болып көрінген.

Ливингстон оқиғаны желіде баяндап, бір күліп алды. Сондай-ақ жазбаны көрген 50 мың оқырман оған лүпіл басты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1829712-balalaryny-zanynan-elesti-krgen-kelinsek-zelidegilerdi-isek-silesin-katyrdy-foto/

pixel