Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құрметті Төраға: Ташкентте Назарбаевқа жаңа дәреже берілді

Опубликовано:

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентте Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші консультативті кездесуіне қатысты. Делегация мүшелері Назарбаевқа консультативті кездесудің Құрметті Төрағасы дәрежесін беру туралы шешім қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында мәлім етті.

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен Орталық Азия мемлекет басшыларының екінші консультативті кездесуіне қатысу үшін Ташкентке барды. Оны әуежайдан Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов күтіп алды.

Ресми қарсы алу рәсімінен кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев бетпе-бет кездесу өткізді.

Sputnik Қазақстанның хабарлауынша, тараптар екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынас мәселелерін талқылаған.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевтің бастамасымен өтіп жатқан Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативті кездесуі өңірде көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға септігін тигізетінін және өзара іс-қимылдың нақты жобаларын ілгерілетудің тиімді алаңы екенін атап өтті.

Кездесуде көшбасшылар жаһандық және өңірлік күн тәртібі, екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар, делегация басшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа Орталық Азия мемлекеттері басшылары консультативті кездесуінің Құрметті Төрағасы дәрежесін беру туралы шешім қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1829729-krmetti-traga-taskentte-nazarbaevka-zaa-dreze-berildi/

pixel