RU

Сағынтаев Байбектің жұмысына қатысты пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ОКҚ отырысында өзінің алдында қала басшысы болған Бауыржан Байбектің қызметіне қатысты пікір білдіруден тартынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сағынтаев Байбектің жұмысына қатысты сұраққа жауап берді

Бақытжан Сағынтаев, Фото: KAZ.NUR.KZ

ОКҚ-да ол қаланың биылғы жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты. Дәстүрлі баяндамадан кейін сұрақ-жауап сессиясы басталды. Атап айтқанда, журналистерді қазіргі басшысы бұрынғы әкімінің жұмысына қандай баға береді деген сауал толғандырды.

"Оның қандай қателігін түзетесіз? Сізге 39 миллион теңге тұратын Ақ тиін мұраға қалды. Сіз оны алып тастағыңыз келеді деген ақпарат болған еді. Ол рас па?", - сауал қойды журналист.

Сұрақтарға жауап бере отырып Сағынтаев Байбектің жұмысына баға бере алмайтынын хабарлады.

"Қазақтарда нақыл сөз бар: "Өгізге туған күн бұзауға да туады". Осы орайда мен Бауыржан Байбек мырзаның жұмысына баға беріп, оны талқылағым келмейтін еді. Әркім өзі істейтін жұмысы үшін жауап беру керек. Оның орнына келген адам өзіне жүктелген міндеттерді орындауды жалғастырады", - деді Алматы әкімі.

Сонымен қатар, ол премьерліктен кейін әкім лауазымында отырудың қандай екенін сұрағандарға жауап берді.

"Мен премьерліктің алдында да Павлодар облысының әкімі болдым. Яғни, әкім, содан кейін премьер болдым, енді қайта әкім болып отырмын. Тынбай, шабытпен еңбек ету керек.
Егер кез келген лауазымда бар ынтаңмен жұмыс істемесең, онда қандай лауазымда, қандай креслода отырмасаң да сенің ешқандай пайдаң болмас.
Әр адам өзіне жүктелген жауапкершілікті дұрыс түсініп, өз жұмысын тиянақты жүргізіп, жауапты болуға және адамдардың сенімі мен үмітін ақтауға тиіс", - деп түйіндеді қала басшысы.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сағынтаев Байбектің жұмысына қатысты пікір білдірді
Mailfire view pixel