RU
"Алматыда 500 теңгеге тамақтануға бола ма": Сағынтаев жауап берді

"Алматыда 500 теңгеге тамақтануға бола ма": Сағынтаев жауап берді

Рассказать Вконтакте

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында "оңтүстік астанада 500 теңгеге тамақтануға бола ма" деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бақытжан Сағынтаев. Фото: NUR.KZ

Бақытжан Сағынтаев. Фото: NUR.KZ

Ол бұл сұраққа жауап бермес бұрын, қалаға азық-түлік қайдан әкелінетіні туралы мәліметпен бөлісті.

Айтуынша, азық-түліктің басым бөлігі қалада өндірілмейді, өзге елді мекендерден тасымалданады.

"Азық-түлікті басқа өңірлерден тасымау үшін Алматы облысындағы әріптестерімізге жүгіндік. Егер жобаларды дұрыс жүзеге асырсақ, олардың қалаға азық-түлік жеткізіп тұруға мүмкіндіктері болады", – деді Сағынтаев.

Ол бағасы өсіп жатқан ет өнімін мысал ретінде келтірді.

"Біз қазір етті оңтүстік өңірлерден алып жатырмыз – Жамбыл, Түркістан облыстарынан. Ал Өзбекстан нарығына жол ашылғанда, оларға етті сол жаққа өткізу тиімді бола түсті. Сондықтан да бұрын алып жүрген етіміздің мөлшері азайып, дефицит пайда болды. Ол бағаның өсуіне әсер етті", – деп түсіндірді қала басшысы.

Ол бұл мәселені шешу үшін өңірдің ет өндірушілерімен кездесіп жатқанын мәлім етті.

Сондай-ақ Сағынтаев нан бағасына байланысты аймақтағы нан өндірушілерімен де жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Айтуынша, нан бағасының өсуіне жол бермейтін келісім бар.

"Бізде республика бойынша нанға ең төменгі бюағалардың бірі. Бұл алдын алу жұмыстарының, Тұрақтандыру қорының арқасында мүмкін болды", – дейді ол.

Содан кейін Алматы әкімі "қалада 500 теңгеге тамақтануға бола ма?" деген журналситің сұрағына жауап берді.

Ол қалаған адамға бұндай бағамен тамақтануға болатын орын табылатынын жеткізді.

"Мүмкін бар шығар, мүмкін жоқ та шығар. Әркімнің жолы болғанына байланысты", – деп қалжыңмен жауап қатты ол.

Еске сала кетейік, Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек қаладағы мейрамханаларда 500 теңгеге түскі ас ішуге болатынын мәлімдеген.

Сіздің реакцияңыз
10
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel