Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Допинг дауына іліккен Полторанин 4 жылға спорттан шеттетілді

Опубликовано:

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин қан түріндегі допинг қабылдағаны үшін 4 жылға спорттан шеттетілді. Онымен қоса тағы 3 спортшы жазаланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алексей Полторанин. Фото: eurosport.ru
Алексей Полторанин. Фото: eurosport.ru: Facebook

Халықаралық шаңғы спорты федерациясының аталған шешімді қабылдағаны туралы ақпарат Шведцияның Expressen басылымында пайда болды.

Швед шаңғышысы Пер Элофссон басылымға жазаға тартылғандар спорттан кетуі тиіс деген мәлімдеме жасады.

Халықаралық шаңғы спорты федерациясының бас хатшысы Сара Льюис журналистерге ұйымның бұл мәселе бойынша тиянақты тергеу жүргізгенін мәлім етті.

Еске сала кетейік, Австрияда өткен шаңғы жарысында 9 адам допинг пайдаланды деген күдікке ілініп, олардың арасында қазақстандық спортшы Алексей Полторанин де бар екенін хабарлағанбыз. Допинг дауына ілінген шаңғышы әлем чемпионатынан шеттетілді.

Спортшының сөзінше, ол допингке байланысты бірнеше сараптамадан өткен. Алайда олардың ешқайсысы Полтораниннің қанынан тыйым салынған препаратты таппапты.

Допинг пайдаланғаны үшін айыпталған қазақстандық шаңғышы босатылған соң Мәскеуге ұшып кеткен.

Кейіннен ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Алексей Полтораниннен қан түріндегі допинг анықталмағанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829767-doping-dauyna-ilikken-poltoranin-4-zylga-sporttan-settetildi/

pixel