RU
ШҚО-да аурухана қызметкерінің қылмысы әшкере болды

ШҚО-да аурухана қызметкерінің қылмысы әшкере болды

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысындағы ауруханалардың бірінде қызмет ететін есепшінің басы дауға қалды. Ол 92 миллион 500 мың теңге қаржы жымқырды деген күдікке ілінген. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық ауруханасының бас бухгалтері бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Ол өзінің банктегі шоттарына заңсыз ақша аударып отырған. Полиция күдіктіні ұстады.

Ведомствоның мәліметінше, оған 92 миллион 500 мың теңге немесе 240 мың доллар көлемінде қаржы жымқырды деген айып тағылуда.

Тергеу барысында есепшінің осы сомадағы қаражатты өзінің банктегі карталарына аударып отырғаны анықталды.

"Күдікті 27 қараша күні қамауға алынды", – деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы банк қызметкері 87 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінген болатын.

Тәртіп сақшылары таратқан мәліметке сәйкес, банк қызметкері 87 миллион теңгені жымқырып, қашып кетті деп күдіктеліп отыр.

Қазіргі таңда аталмыш фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 189 бабына сәйкес "Сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі көлемде иемдену және жұмсау" бабы бойынша қылмыстық із қозғалған.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel