RU
Алматыда басы дауға қалған экс-ректорға қатысты сот басталды

Алматыда басы дауға қалған экс-ректорға қатысты сот басталды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Алматыда 10 жыл бойы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін (ХАТУ) басқарған Дамир Шыныбековтің ісіне қатысты сот тыңдауы басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дамир Шыныбеков. Фото: кадр PrimeMinister.kz YouTube-арнасының видеосынан

Дамир Шыныбеков. Фото: кадр PrimeMinister.kz YouTube-арнасының видеосынан

Шыныбеков кеше өткен алғашқы сот отырысына тергеу изоляторынан жеткізілген жоқ. Соған байланысты судья прокурорға ескерту жасап, сот процесі бүгінге шегерілді.

Екінші сотталушы процесті Бостандық ауданында жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді. Ал Шыныбеков боса, істің Алмалы аудандық сотында қаралуын сұрауда. Оның пікірін прокурор да қолдап отыр.

Судья кеңес өткізгеннен кейін істің Алматы қаласы Бостандық ауданының сотына жіберілетіні туарылы шешім шығарды.

Шыныбеков пен ешқайда кетпеу туралы тілхат жасалған тағы бір сотталушы – Спабековаға қатысты бұлтартпау шараларына өзгеріс енгізілмеді.

Еске сала кетейік, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков қаржыны иемдену немесе талан-таражға салу күдігі бойынша қамауға алынған болатын.

Алматы қаласының ауданаралық тергеу соты күдікті Дамир Шыныбековқа қатысты екі айға бас бостандығынан айыру туралы бұлтартпау шарасын қолданған.

Ол ірі көлемде біреудің мүлігін иемдену немесе талан-таражға салу бойынша күдікке ілінді.

Қорғаушы тарап үкім бойынша апелляциялық арыз берген, алайда, Алматы қалалық соты үкімді өз күшінде қалдырды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel