RU
Павлодарда мектеп оқушысының пышақталған видеосы пайда болды

Павлодарда мектеп оқушысының пышақталған видеосы пайда болды

Рассказать Вконтакте

Жақында Павлодарда мектеп оқушыларының қатысуымен болған қанды оқиғаның видеосы Instagram-дағы unformatpvl қоғамдық парақшасында пайда болды. Кадрларда жеткіншектердің бірінің екіншісіне бірнеше рет пышақ сұққаны көрінеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар Instagram/unformatpvl видеосынан алынды

Кадрлар Instagram/unformatpvl видеосынан алынды

Павлодар облыстық полиция департаменті аталған видеода 15 жастағы мектеп оқушысының жансақтау бөліміне түсуімен аяқталған қанды оқиға бейнеленгенін растап отыр.

Бақылау камерасына түсіп қалған кадрларда оқиға орнында бір топ жігіттің жиналғанын көруге болады. Жанжал екеуінің арасында болған көрінеді. Қалғандары бұлардың текетіресін бақылап тұр.

Айтарлықтай қырғын төбелес болмағаны байқалады. Жасөспірімдердің бірі пышақ шығарып, екіншісіне бірнеше соққы жұмсаған. Сосын жиналғандардың бір бөлігі қымбат автокөлікке отырып, кетіп қалады. Ал зардап шеккен жеткіншек еңкейіп барып, ғимараттың кіреберісіндегі баспалдаққа отырады. Жанында тұрғандар қолдарына телефон алып, шамамен жедел жәрдем шақырып жатқан көрінеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облыстық полиция департаментінің басшысы екі мектептің оқушылары жаға жыртысып қалғанын мәлімдеді. Олардың біреуі төбелес кезінде пышақ шығарған. Нәтижесінде 2004 жылы туған жасөспірім пышақ жарақатымен облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді

Сіздің реакцияңыз
10
0
1
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel