Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Михаил Ломтадзе: 2020 жылды Kaspi.kz серіктестері - ШОБ даму жылы деп жариялаймыз

Опубликовано:

Kaspi.kz басшысының жыл сайынғы инновациялық таныстырылымы жақсы дәстүрге айналды. Биыл да Михаил Ломтадзе жұртшылыққа бірден ұнаған немесе алдағы уақытта жұртшылық қана емес, Kaspi.kz-тің бизнес серіктестері де бағалайтын инновациялық қызметтер мен өнімдерді таныстырды.

Михаил Ломтадзе: ШОБ-те қауқарлы қарыз алушы жоқ дегенге сенбейміз

Жылдамнан да жылдам: 60 секундта Kaspi Gold

2020 жылдың ақпан айынан бастап әрбір қазақстандық Kaspi.kz командасы Қазақстанда ойлап тауып, құрастырған инновациялық құрылғының арқасында аты-жөні жазылған Kaspi Gold картасын бір минутқа жетпейтін уақытта алады. Михаил Ломтадзе әлемде баламасы жоқ Kaspi Картоматтың іске қосылғанын хабарлады.

Михаил Ломтадзе: ШОБ-те қауқарлы қарыз алушы жоқ дегенге сенбейміз

Картаға тапсырысты онлайн - Kaspi.kz қосымшасы арқылы беруге болады. Kaspi ID инновациялық қызметі арқылы жеке тұлғасын танып, растау рәсімінен өткеннен кейін клиент Kaspi QR кодын алады. Ол Kaspi Картоматта тіркелуге мүмкіндік береді. Картомат аты жазылған картаны 60 секундта басып шығады. Алайда Михаил көпшіліктің алдында бар болғаны 47 секундта картаны қолына алды. Бұл қызметтің Қазақстанда, әлемде баламасы жоқ.

Михаил Ломтадзе: ШОБ-те қауқарлы қарыз алушы жоқ дегенге сенбейміз

Қаңтар айынан бастап Kaspi Картоматтар Kaspi.kz барлық бөлімшесіне орналастырылады. Қазірдің өзінде Kaspi Gold картасын 4,5 миллион қазақстандық белсенді қолданады. Ал Kaspi.kz қосымшасын 6 миллионнан астам адам яғни әрбір үшінші ел тұрғыны тұтынады. Картомат аса қолайлы, жылдам түрде әрбір адамға Kaspi.kz әлемі мен Kaspi Gold мүмкіндіктерін ұсынады.

Михаил Ломтадзе: ШОБ-те қауқарлы қарыз алушы жоқ дегенге сенбейміз

Мобильді сәйкестендіру: Kaspi ID

Kaspi.kz қосымшасында Kaspi Gold-қа тапсырыс беріп, көптеген қаржылық операцияларды жасауға болады – төлем, аударым, жеке қаражатты басқару және бонус алу. Kaspi.kz клиенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бет-әлпетті танудың ерекше технологиясы Kaspi ID жасалған.

Kaspi ID көмегімен Kaspi.kz қосымшасында тұлғаны жылдам, қарапайым жолмен танып, мақұлдауға болады. Kaspi.kz комнадасы әлемдік технологиялық гиганттармен жақын қарым-қатынаста және ең жетекші иннофациялық шешімдерді пайдаланады, өнімдерін тұрақты жақсартып отырады. Бүгін Kaspi.kz технологиялары әлемдегі ең үздіктер қатарында екеніне сенім ұялатты.

Михаил Ломтадзе: ШОБ-те қауқарлы қарыз алушы жоқ дегенге сенбейміз

Терминалдан да ерекше: Kaspi POS

Kaspi.kz – Kaspi.kz – айналасына Kaspi-дің серіктестерін топтастыра отырып жаңа қызметтер мен жоғары технологиялық шешімдер ұсынатын тұрақты дамушы экожүйе. Оның бірі - Kaspi POS терминалдары. Бұл қымбат құрылғының құны шамамен 100 мың теңге. Kaspi.kz серіктестеріне Kaspi POS терминалдарды тегін ұсынады.

Михаил Ломтадзе: ШОБ-те қауқарлы қарыз алушы жоқ дегенге сенбейміз

Kaspi POS көмегімен Kaspi Gold каратсынан, Kaspi Red клубтық картасынан, сондай-ақ кез-келген әлемдік банктің Visa мен Mastercard картасынан төлем қабылдайды. Айта кететін жайт Kaspi.kz экожүйесінің бір бөлшегі ретінде Kaspi POS терминалдары Kaspi.kz қосымшасымен ықпалдасып, байланыстырылған. Әрбір Kaspi POS - Kaspi QR технологиясымен жабдықталған.

Код барлық жағдайда: Kaspi QR-мен, енді Kaspi Gold-пен де төлеуге болады

Kaspi QR көмегі арқылы Kaspi Gold –пен төлеу Kaspi.kz-тің тағы бір ерекше инновациясы. Енді Kaspi QR технологиясымен Kaspi.kz серіктестерінен сатып алу кезінде картасыз, ұялы қосымша көмегімен төлем жасауға болады. Бұл үшін сатушыға Kaspi POS-қа соманы енгізу, ал сатып алушыға Kaspi.kz қосымшасымен Kaspi QR-ды сканерлеу жеткілікті.

Михаил Ломтадзе: ШОБ-те қауқарлы қарыз алушы жоқ дегенге сенбейміз

Айта кетейік, қазір Kaspi QR қазақстандықтарға кредитке, Kaspi Red-пен, арнайы акциялар кезінде бөліп төлеуге мүмкіндік береді – Kaspi-дің мұндай акциялары жыл бойы өтеді және Kaspi Жұма кезінде пайдалануға болады.

Kaspi QR-мен төлеу енді мүмкіндігі енді Kaspi Gold-та да бар – бұл Қазақстандағы онлайн төлемнің кезекті сатысы. Сатып алушылар үшін Kaspi QR бір сәтте төлем карталарын және банкке кредит үшін бару қажеттілігін алмастыратын ыңғайлы технология. Бизнес үшін Kaspi QR арқылы төлем – тиімді, өйткені комиссия карта арқылы төлемге қарағанда төмен болады. Әдеттегі картамен төлегенде комиссия 2.2%. Михаил Ломтадзе Kaspi QR-мен төлегенде Kaspi.kz комиссияны 1.69%-ға төмендетеді деп хабарлады. Және серіктестеріне сатып алушыларға Kaspi QR-ды ұсынып, қаржы үнемдеуге шақырды.

Шағыннан үлкенге дейін: Kaspi Жұма-ның бизнес-серіктестеріне ірі, орта, шағын санатта жүлде

Kaspi Жұма биыл барлық рекордтарды жаңартты. Өткен сатып алу мерекесінің нәтижесі теңдессіз болды! Биыл Kaspi Жұма бесінші рет өтті. Сатылым көлемі орасан зор 59 миллиард теңге! Бұл өткен күздегі Kaspi Жұмаға қарағанда 5 есе көп. Мұндай айтарлықтай нәтижеден кейін Kaspi.kz серіктестерін қуантып, үш санатта – шағын, орта, ірі бизнес бойынша ең көп зат сатқандарды марапаттады.

Михаил Ломтадзе: ШОБ-те қауқарлы қарыз алушы жоқ дегенге сенбейміз

2020 жылы әр жеңімпаз Kaspi.kz-тің бонусы есебінен маркетингтік компаниясын қаржыландыруға мүмкіндік алады. «Ірі бизнес» аталымында жеңіске жетуші – 10 миллон бонус, «орта бизнес» аталымының жеңімпазы – 5 миллион теңге, «шағын бизнес» - 1 миллион бонус алады.

Kaspi Жұманың «Ірі бизнес» санатындағы жеңімпазы – Sulpak компаниясы.

«Орта бизнес» санатында - Mebels.kz.

«Шағын бизнес» санатында - Kimex Grazie

Михаил Ломтадзе: ШОБ-те қауқарлы қарыз алушы жоқ дегенге сенбейміз

...және Kaspi.kz серіктестері үшін ең маңызды хабарландыру.

Kaspi.kz-тің бүкіл ел аумағында 9 мың серіктесі бар. Бұлар сату мен қызмет көрсетудің түрлі саласындағы компаниялар. Ең үлкен дүкендер мен брендерден бастап, орта, шағын бизнеске дейін. Kaspi серіктестеріне көмек ретінде тиімді Бизнес-Кредитті іске қосты.

Kaspi.kz-пен серіктес компаниялар 1 миллиард теңгеге дейін 6 айға, кепілсіз кредит ала-алады. Бұл мерізімде тауар сатып алып, сатуға, айналым капиталын ұлғайтуға болады. Барлық мерізімге артық төлем бар болғаны 8,9% және кредитті қарастырғаны үшін ешқандай комиссия немесе қосымша комиссиялар жоқ. Мерзімінен бұрын кез-келген уақытта төлеу айыппұлсыз, комиссиясыз - бұл кредиттік желі аясында жаңа кредит алуға, кредит бойынша артық төлемнен үнемдеуге мүмкіндік береді.

Михаил Ломтадзе: ШОБ-те қауқарлы қарыз алушы жоқ дегенге сенбейміз

Кредиттік желі лимиті - Kaspi.kz жүйесіндегі Kaspi Магазин, Kaspi Gold, Kaspi Red, Kaspi QR-мен Kaspi POS арқылы кез-келген банк картасы арқылы соңғы жарты жылдағы айналымның 20%-на дейін.

Кредит бизнестің өсуіне, бизнестің өсуі сатылымның артуына әкеледі. Сатылым өссе лимит өседі. Бұл Kaspi.kz серіктестерін даму мен өсудің жаңа сатысына шығарады.

Гарвард: Kaspi.kz кейсін әлемнің жетекші бизнес-мектебіне оқытады

Қазақстандық компанияның бизнес үлгісін көп жағдайда әлемдік деңгейдегі үлгі санайды, алайда Kaspi.kz дәстүрлі шеңберден де асады. Kaspi.kz кейсін қазіргі кезде Гарвард бизнес мектебінде оқытады.

-Біздің елімізге Гарвардтың профессорлары келіп, компанияны зерттеп, Қазақстанмен танысты. Нәтижесінде біз әлемнің жетекші университеті – Гарвард бизнес мектебінің қазақстандық Kaspi.kz компаниясы туралы кейсін алдық. Қазір бұл бағдарламаны екінші курста оқыта бастады және екі дәрісі өтті. Бұл алғашқы дәрістерде біз комнадамызбен бірге Қазақстан, елімізде жасалған инновациялық компания Kaspi.kz туралы айттық. Гарвардтың әрбір курсында, әр блокта 90 адамнан оқиды. Біз 180 студентпен әңгімелесті және олар әлемдегі ең ақылды, болашағы зор адамдар. Біз Гарвардта оқитындардың Қазақстан мен Kaspi.kz туралы білетіні қатты қуантады,- дейді Михаил Ломтадзе.

Михаил Ломтадзе: ШОБ-те қауқарлы қарыз алушы жоқ дегенге сенбейміз

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829786-mihail-lomtadze-sob-te-kaukarly-karyz-alusy-zok-degenge-senbejmiz/

pixel