RU
"Астана" мен "Манчестер Юнайтед" арасындағы кездесуде жас жігіт сүйіктісіне ұсыныс жасады

"Астана" мен "Манчестер Юнайтед" арасындағы кездесуде жас жігіт сүйіктісіне ұсыныс жасады

Рассказать Вконтакте

Еуропа Лигасының топтық кезеңінде өткен "Астана" мен "Манчестер Юнайтед" арасындағы матч барысында жанкүйерлердің бірі сүйіктісіне ұсыныс жасады. Ғашық жан сүйгеніне трибунаның ду қол қошеметімен жүзік таққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: www.facebook.com/presidentialclubkz

Видеодан кадр: www.facebook.com/presidentialclubkz

Жантебірентерлік сәт видеоға түсіп қалған. "Манчсетердің"киімін киген жас жігіт трибунаға, сүйгеніне барып ұсыныс жасайды. Қатты қуанған қыз ұсынысты қабыл алған. Олар жанкүйерлердің ыстық қошеметімен бірін бірі құшақтап, беттерінен сүйген.

Видеоны қазақстандық құраманың өкілі Facebook желісіндегі парақшада жариялаған.

"Астана" - "МЮ" матчында үйленуге ұсыныс жасады! Жастарға бақыт тілейміз!", - деді клуб өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандық футболшылардың ағылшын командасын жеңгенін хабарлаған едік. "Астана - Манчестер Юнайтед" матчының есебі 2:1 есебімен аяқталған. Ағылшын командасының бапкері Дмитрий Шомконың ойынын мақтаған.

Ойынның алғашқы он минутында елордалық команда қонақтарға есе жіберді. Бірінші голды Джесси Лингард салды. 55 минутта Дмитрий Шомко есепті теңестіріп кетті. Соңғы допты ағылшын командасыныың қорғаушысы Дишон Бернард өз қақпасына соғып алды.

Осы жылдың қыркүйегінде "Астана" құрамасы "Манчестермен" кездескен. Алайда жеңіс алаң иелері, ағылшындықтарға бұйырған.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel